№40 жалпы білім беретін мектептің 80 аса оқушысы "Өзіңді туберкулезден қорға" атты семинарға қатысты. "Жас ұрпақ" ЖДО терапевт дәрігері Э. Б. Аппарбекова...
№40 жалпы білім беретін мектептің 80 аса оқушысы "Өзіңді туберкулезден қорға" атты семинарға қатысты. "Жас ұрпақ" ЖДО терапевт дәрігері Э. Б. Аппарбекова, СӨҚ дәрігері У. М. Амиркенова осы қауіпті ауру туралы нені білу керектігін айтып берді.
Туберкулез - жұқпалы ауру, сау адамға өкпе түрімен ауыратын адамнан жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлеген кезде жұғады. Дені сау адам ластанған ауамен бірге микробтарды жұтады. Туберкулездің белгілері туралы сұрақ толық қаралды.
Ұзақ жөтелу, кейде қан түкіру, кеуде ішінің ауыруы, дене қызуының көтерілуі. Жылына бір рет тексеруден өту керек. Оқушыларға осы аурудан қалай сақтану туралы кеңестер берілді: иммунитетті нығайту, спортпен айналысу, бөлмені жиі желдету, жөтелген кезде ауызды қолмен жабу.
Дұрыс тамақтануға баса назар аударған жөн. Бұл калориясы жоғары ақуызды тағамдар, ет, көкөніс, жемістер. Сонымен қатар "Туберкулёз туралы нені білу керек?" атты бейнеролик көрсетілді.