Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2022 № ҚР ДСМ- 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
Р/с № |
Нысаналы топ |
Скринингтік зерттеулердің түрі |
1 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін 30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Мінез-құлықтық тәуекел факторларын ерте анықтауға |
2 |
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға |
3 |
Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 40 жастан бастап 70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Глаукоманы ерте анықтауға |
4 |
Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған |
5 |
Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер |
Сүт безі обырын қатерлі ісігін ерте анықтауға |
6 |
Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер |
Колоректалды обырды ерте анықтауға |
7 |
Тәуекел топтары: |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға |
1) медицина қызметкерлері: - қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары; -хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;-клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар; |
||
2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар; |
||
3) гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; |
||
4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, тін жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау алатын және оны ауыстырып қондыратын пациенттер; |
||
5) жүкті әйелдер; |
||
6) өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар |