№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Екпе күнтізбесі

Ауруды кейіннен емдегенше алдын алған жеңіл екені барлығымызға белгілі. Әсіресе оның сары ауру, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және бірқатар басқалары сияқты ауыр инфекцияларға қатысты. Осы аурулардың алдын алу мақсатында бүкіл әлемде вакцинация жүргізіледі. Қазақстан да одан қалған жоқ.

Қазақстанда балаларға қандай екпелер жасалады? Балаларға вакцинация қай жаста жүргізіледі? Перзентханада жаңа туған сәбилер қандай екпелер алады? Баланы екпеге қалай дұрыс дайындау керек? Вакцинаға әсер қандай болуы мүмкін? Қазақстанда барлық ата-аналарды осы сұрақтар толғандырады.

Осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көрейік.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2009 жылғы №2295 Қаулысына сәйкес балаларға жоспарлы алдын алу екпелері Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық міндетті екпелер бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жасалады.

ЕКПЕГЕ РҰҚСАТТЫ ҚАЛАЙ АЛУ КЕРЕК

  • Екпе алу үшін міндетті шарт – баланың дені сау болу керек.
  • Бірінші АКДС екпесінің алдында балалар невропатологында тексеруден өту қажет және невропатологтың вакцинацияға рұқсатын алу, сондай-ақ несеп пен қанның жалпы талдауларын міндетті түрде өткізу керек.
  • Екпенің алдында баланы міндетті түрде емдейтін дәрігер-педиатр қарайды. Жалпы клиникалық көрсеткіштердің (дене қызуы, шағымның болмауы) ғана емес, сондай-ақ анасының пікірінің маңызы аз емес – егер сәби жаман ұйықтаса, шәркезденсе, тәбетінде, жүріс-тұрысында өзгерістер болса, онда екпені әзірше кейінге қалдырған жақсы.
  • Және қанның жалпы талдауы қосымша қауіпсіздендіру болады (СОЭ және тромбоциттерге ерекше назар аудару қажет).

Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қарсы алдын алу екпелерін жұргізуге аурулар тізбесін, оларды өткізу ережелері және жоспарлы екпелерге жататын халықтың тобын бекіту туралы» 30.12.2009 жылғы №2295 Қаулысы (12.02.2013 өзгертулері және толықтыруларымен).

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96