Біздің ресми сайт парақтарынан Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Біздің емхана Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бектіліген тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін аралас түрдегі ең үлкен емхананың бірі. Емхана мамандармен және медициналық жабдықтармен толық қамтылған. Бізден кепілдемелі тегін медициналық көмек көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ала аласыздар. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК "№4 Қалалық емхана" стратегиялық жоспарға сәйкес тиімді профилактика, жоғары сапалы емдеу, абилитация және реабилитация арқылы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығының жоғары деңгейіне жетуді көздейді. Біздің мақсатымыз - сектор аралық қолдау, инновациялық қолдау, стационаралмастырушы технология негізінде тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін дамытуды қолдайтын профилактика, диагностика, емдеу және реабилитация принциптерін енгізу арқылы сапалы білікті пациентке бағытталған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін әлеуметтік-бағытталған медициналық ұйым. ӨМІРБАЯНЫ
Утаганов Бакыт Кустаевич
Білімі: 2000–2006 жж. — С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Педиатрия мамандығы бойынша Бакалавриат.
2006–2007 жж. — С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Педиатрия мамандығы бойынша Интернатура.
2010–2012 жж. — С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Жұқпалы аурулар мамандығы бойынша Резидентура.
2020–2021 жж. — Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСЖМ), Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша Магистратура.
2024 ж. — С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша сертификаттық курс.
Мамандығы: Денсаулық сақтау саласындағы менеджер
Қоғамдық денсаулық сақтау
Жұқпалы аурулар дәрігері (ересектерге) – жоғары біліктілік санаты
Педиатр-дәрігер
Еңбек өтілі:
2007–2010 жж. — Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Орталық аудандық емхана, педиатр-дәрігер.
2011–2012 жж. — Алматы қ., №1 Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, инфекционист-дәрігер.
2012–2015 жж. — С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ассистенті.
2015–2019 жж. — Алматы қ., И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, бөлім меңгерушісі, инфекционист-дәрігер.
2019–2020 жж. — Алматы қ., И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.
2020–2023 жж. — Алматы қ., Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, стратегиялық даму жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.
2023 ж. бастап — Алматы қ., Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары.
Марапаттар:
Алғыс хат — «Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін».2018 жылғы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.
Құрметті төсбелгі — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін». 2020 жылғы 4 мамырдағы №271 бұйрық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Мемлекеттік медаль — «Халық алғысы». 2020 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Алғыс хат — «Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін». 2022 жылғы қараша, Қазақстан Республикасы Президенті.
Медаль — «Аурахананың дамуына қосқан үлесі үшін». 2025 жылғы 10 маусымдағы №622-лс бұйрық, Алматы қ. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының директоры.







