Аударымдардың, жарналардың немесе өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-на өтініш беріледі.
Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен күннен бастап бес операциялық күн ішінде аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есепке жатқызу фактісін тексереді, өтініш осы төлем бойынша барлық деректемелерді растауды қоса бере отырып, Қорға жіберіледі.
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы төлеушінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша қор мынадай шешімдер қабылдайды:
- аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушіге қайтару туралы;
- аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын төлеушіні қайтарудан бас тарту туралы (егер төлемді растайтын құжаттар болмаса, егер ақпараттық жүйелерден растау болмаса, сондай-ақ шетел азаматы қайтаруды ресімдесе, өтініште деректер дұрыс толтырылмаған).
Өтінішті сайт арқылы беруге болады https://eotinish.kz/
Сіз өтініш бланкілерін жүктей аласыз.