Алматы қаласы №4 ҚЕ психологтары емхана қызметкерлері үшін төмендегі тақырыптар бойынша тренингтар өткізді:
Тақырыбы: «Өзіңді де, өзгені де таны»
Мақсаты: тұлғаның өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі ашу және басқаларды қабылдау негізінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және эмоциямен жұмыс
Міндеті: өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі ашу және басқаларды қабылдау негізінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, эмоцияларды шығара білуге көмектесу, өзін-өзі бағалауды және өз қабілеттеріңізге сенімділікті дамыту, жаңа мінез-құлық үлгілерін құру.
Біздің әрқайсымызда көптеген проблемалар бар: жұмыста, отбасымызда, оқуда және т.б. Әркімнің өзіне тән мінезі, адамдармен қарым-қатынас жасау әдеті бар. Бұл мәселелерді түсіну, қабылдау және өзгерту қажет нәрсені түсіну өте маңызды. Әркім өз проблемасына деген көзқарасын өзгерте алады, содан кейін ол проблема болудан қалады. Бұл тренингте біз өз қабілеттеріміз бен таланттарымызды аша отырып, өзімізге және бір-бірімізге сенуге және қарым-қатынас жасауға үйренеміз.Біздің мақсатымыз – өзімізге және бір-бірімізге осы дүниеде бақытты болуға көмектесу.
Тапсырма: « Сәлем, маған сенің...» жаттығуы
Мақсаты: команда мүшелерін топтық жұмысқа қосу, коммуникация, сенімділікті арттыру.
Міндеті: бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту арқылы жақсы атмосфераны құру, жақындастыру.
Нұсқау: Команда мүшелері шеңберде тұрады. Әр қатысушы кезекпен бір-бірімен қолмен амандасып, амандасып тұрған адам туралы жақсы қасиеттер айтады. Мысалы: «Сәлем, Әмина, маған сенің ұқыптылығын ұнайды».
Кері байланыс: сізге басқа адам туралы жақсы пікір айту қиын болдыма?
Тапсырма: “Мен кіммін?” жаттығуы
Мақсаты: тұлғаның жеке басың не құрайтынын жақсырақ түсіну үшін; өзің тереңірек тану үшін.
Міндеті: адамға өмірінде ең құнды нәрсе не екенің ұғындыру.
Нұсқау: әрбір қатысушы 10 түрлі формада өзіңін кім екенің жазып шығады. Және біртіндеп 10- нан 1-ге дейін қырқартады. Мысалы: мен адаммын, мен анамын, мен кәсіпкермін және т.б.
Кері байланыс: өзіңіз жайлы айту қиын болды ма? Қандай әсерде болдыңыз?
Тапсырма: «Шындық конверті» ойыны
Мақсаты: адамның ішінде жатқан жасырын ойларын, армандарын білуге көмектесу, қиялды дамыту.
Міндеті: адамның белгілі бір кезеңдерде қалай әрекет ететінің көру. Құндылықтары мен сенімдері жайлы ақпарат алу.
Нұсқау: әр қатысушы қораптың ішінде жатқан сұрақтар жазылып тұрған конвертті алады және соған көп ойланбай жауап беруі керек. Мысалы: егер сіз жануарға айнала алсаңыз, қайсысы? Неліктен ол?
Кері байланыс
Тапсырма: "Мен – мәлімдемелер" жаттығуы
Мақсаты: адамның шағымдары мен наразылықтарын білдірудінің зиянсыз түрі. Бұл оның ниетің, күйің, сезімдерің сипаттайды, жаман эмоция мен ойларын сыртқа шығарады.
Құрал-жабдық: "ренжітетін мәлімдемелер, мен-мәлімдемелер" кестесі бар бланк, қатысушылар санына арналған қаламдар.
Нұсқау: "біз қазір өз эмоцияларымызды білдіре отырып, конструктивті қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Сіз “сен хабарламаларды” “мен - мәлімдемелер" ауыстыруыңыз қажет.
Кері байланыс
Тапсырма: «Менің жақсы және жаман қасиеттерім» ойыны
Мақсаты: тұлғаның өзі туралы басқалардың не ойлайтыны білу, өзіне деген сенімділікті арттыру.