Алматы қаласының №4 Қалалық емханасының мәжіліс залында заңгер Ш.Анарбаева қызметкерлерге арнап «Жемқорлықсыз медицина» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру....
Алматы қаласының №4 Қалалық емханасының мәжіліс залында заңгер Ш.Анарбаева қызметкерлерге арнап «Жемқорлықсыз медицина» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру, құқықтық сауатын ашу, емхана қызметінің ашықтығын қалыптастыру. Ұжымда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, жемқорлықа жол бермеуге дағдыландыру, жемқорларға қарсы қолданылатын шаралар туралы түсінік беру.
Семинар барсыныда жемқорлық, денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық қаупі туралы түсіндірді. ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі ережелері қарастырылды. Қызметкерлерге пара және сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынады. Мысал ретінде Ш.Анарбаева түрлі саладағы мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде медицина қызметкерлері де парамен ұсталғаны туралы айтып өтті. «Жемқорлықсыз медицина» атты семинар барысында заңгер барлық қызметкерлердің күшімен ғана жемқорлықты жеңуге болатыны атап көрсетті. Сонымен қатар ол жемқорлық құқық бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы да айтып берді. Жемқорлыққа қарсы күрес бюросында «1424» call-центр жұмыс істейді, осы номерге жемқорлық бойынша қылмыстар туралы хабарлауға болады. Сондай-ақ қызметкерлердің сақ болып, денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өкілетті органға көмек көрсетуга шақырды.
{gallery}31-01-18{/gallery}