Алматы қаласы №4 ҚЕ саламатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері У. М. Амиркенова Қазақ-Америка университетінің Халықаралық білім беру Корпорациясының оқушыларына интерактивті түрде "Жеке бас гигиенасы" тақырыбына дәріс өткізді. Қыздарға жеке бас тазалығы ережелері, етеккір циклы деген не, саламатты өмір салты негіздері туралы айтылды, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.
"Бастысы жеке бас тазалығы ережесі түрлі аурулардың алдын алумен тікелей байланысты екенін түсіндіру, сондай-ақ жеке бас тазалығы туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру",-дейді дәрігер.