СӨС дәрігері У.Амиркенова ҚАУ-нің мектеп оқушыларына "Жасөспірімдердің жеке гигиенасы" тақырыбында дәріс өткізді". Гигиена - жасөспірім денсаулығының маңызды бөлігі. Біз теріні таза ұстау, ішкиім мен киімдерінің тазалығы, тісті дұрыс күту, қол мен тырнақтың тазалығы туралы айтамыз. Қоғамдық орындарға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек. Тісті де күту аса маңызды. Теледидарды ұзақ қарауға, компьютерде, телефонды көп пайдалануға болмайтыны туралы да айтамыз. Ұйқының ұзақтығы 8 сағаттан кем болмау керек",- дейді медицина қызметкерлері.