№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Жасөспірімдер арасындағы мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу

№4 Қалалық емхананың СӨСҚ кабинетінің мейірбикесі Ж.Ж.Ешназарова Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – оқушыларда денсаулықты сақтауға жауапкершілікті және темекі шегу, ішімдік ішуден бас тарту дағдыларын қалыптастыру...

№4 Қалалық емхананың СӨСҚ кабинетінің мейірбикесі Ж.Ж.Ешназарова Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – оқушыларда денсаулықты сақтауға жауапкершілікті және темекі шегу, ішімдік ішуден бас тарту дағдыларын қалыптастыру, осы зиянды әдеттердің адам ағзасына келтіретін әсері туралы мәлімет беру. Оқушылар темекі шегу миокард инфаркті және жүрек-қантамыр ауруларының негізгі себептерінің бірі екенін білетін болды.

Темекінің барлық түрін қолдану, оның ішінде темекі шегу, тіпті пассивті темекі шегу, кальян шегу де ауру қаупін арттырады. Егер 15 жас және одан да ерте жаста темекі шегуді бастаса жүрек пен қан тамыр аурулары даму қаупі аса жоғары. Белсенді де, пассивті де темекі шегу атеросклероз ауруына әкеп соғады.

Басқа да факторлар бар болса (қант диабеті, артериялық гипертензия, артық салмақ) темекі шегуге байланысты қатерлер жоғарылайды. Семинар барысында шылым шегудің және ішімдік ішудің алдын алу туралы ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

{gallery}/NOVOSTI/tt64/{/gallery}
Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96