Соңғы жылдары стресс мәселесі әлемдік психологиялық ғылым мен тәжірибеде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылуда. Қазіргі таңда психологияда жастар ортасындағы психологиялық стрессті зерттеуге басты назар аудартылды.
Жастардағы психологиялық стрессті бастан кешіруі көптеген факторлармен шарттасады. Осы жайлы №4 Қалалық емхананың "Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығының психологы А.Алимбаева №68 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушыларына "Жасөспірімдік стресс" тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: жасөспірімдік стресс ерекшеліктері жайлы ақпарат беру. Семинарға қатысушылар саны 50 оқушы.