Алматы қаласы №4 ҚЕ "Жас ұрпақ" Жастар орталығының акушер-гинеколог дәрігері А.Г.Садвакасова №40 және №145 Әл-Фараби ат.жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен "Ерте жыныстық өмір" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты - жасөспірім қыздардың саламатты өмір салтын сақтауын қалыптастыруға ықпал ету.
Дәрігер жасөспірімдер арасында ерте жыныстық қатынастың қаупі мен зардаптары туралы айтты, өзара сенімділік және түсінікті түрде барлық сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, қыздардың өмірдегі басты міндеті - болашақта ана болу, сондықтан ерте жастан бастап өз денсаулығына мұқият болып, жеке бас тазалығының барлық талаптарын сақтауы тиіс.