№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

"Жас ұрпақ"

"Жас ұрпақ"

Құрметті біздің оқырмандар! Сіздердің назарларыңызда Алматы қ.№4 ҚЕ "Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Асель Габдуллаевна Садвакасова! Өз ісінің маманы, мінезі ашық, мейірімді, тиянақты, жауапкершілікті, бірден өзіне баурап алады, өз жұмысын бар ынтасымен атқарады, әр адам ол үшін маңызды. Орталықтың басты бағытының бірі - балалар және жасөспірімдер гинекологиясы. Асель Габдуллаевна жалпы білім беретін мектептерде және ЖОО-да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
"Жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық бойынша жасөспірімдер мен жастарға "Жеке бас тазалық ережесі", "Етеккір физиологиясы", "Ерте жыныстық өмір", "ЖЖБИ профилактикасы", "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында дәрістер, семинарлар, тренинг, әңгімелер өткіземін. Біздің кездесулер жасөспірімдердің үйлесімді дамуына әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, біздің Жастар денсаулық орталығының міндеттері туралы айтамын, Орталықта емдеу-профилактикалық көмек, сондай-ақ, отбасын жоспарлау, балалар және жасөспірімдер гинекологиясы бойынша да кеңестер алуға болады. Жасөспірімдерге біздің негізгі қызмет көрсету принциптеріміз туралы ақпарат жеткізу аса маңызды - қолжетімділік, тілектестік, сенім, еріктілік. Менің міндетім - ерте жастан бастап өз денсаулығына мұқият қарауды, жеке бас тазалығын сақтауды түсіндіру. Менің өткізетін шараларым - жасөспірімдер мен жастардың көптеген өзекті сұрақтарына жауап беру. Біздің кездесулер жайлы, ұстамды өтеді. Гинеколог дәрігерге уақытында қаралу көптеген мәселелердің алдын алуға көмектеседі. Туындаған мәселелерді білікті медициналық көмек алу арқылы шешу керек. Біздің мақсатты тобымыз - 10-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 18-29 жасқа дейінгі жастар",- дейді Асель Габдуллаевна.
Барлықтарыңызды мына мекен жайда күтеміз: Торайғыров көшесі 12, №105 бөлме. Орталық есіктен бөлек жеке кіру есігі бар. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 16.00 дейін.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96