Құрметті оқырмандар! Сіздерді "Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығының мамандарымен таныстыруды жалғастырамыз! Сіздердің назарларыңызда психолог Жанат Амирбековна Палымбетова! Біздің психолог - кәсіби маман, өз жұмысын жақсы көреді. Әріптестері мен пациенттер ол туралы әр кезде қол ұшын созып көмекке келетін адам деп лебіз білдіреді.
"Дені сау жастар - сау қоғам. Мен психолог ретінде өз білімімді жетілдіруге көп уақыт бөлемін. Бұл интеллект, логиканы дамытуға, білімді кеңейтуге көмектеседі. Білім жетілдіру курстарына қатысамын. Пациенттермен сөйлескенде психолог олардың ашық сөйлесуге дайын еместігін, өз мәселесін толық түсіндіре алмайтынын байқайды. Сол кезде оларға қауіпсіздік, тыныштықты сезінетін метафоралық картамен жұмысты ұсынамын. Картаға, яғни метафораға зейін аударып, біз бірлесе отырып адамды мазалаған мәселені анықтаймыз. Метафоралық ассоциациялық карталар - бұл әртүрлі өмірлік ситуациялар, кейіпкерлер, заттар мен жануарлар көрсетілген карта жиынтығы. Менің міндетім - жасөспірімдер мен жастарға психологиялық көмек көрсету. Жастар бізге сенеді, осы жерде толық құпиялық жағдайында қажетті көмек алатынын түсінеді. Орталықта сенім телефоны жұмыс істейді. Тәжірибе көрсеткендей, жасөспірімдер мен жастар ата-анасымен қарым-қатынас, құрбыларымен кикілжің, т.б. жағдайлар бойынша келеді. Сонымен бірге, дәрістер, тренингтер, ойын және топ түрінде сабақтар өткіземін. Жасөспірімдер көптеген қиындықтарға бетпе-бет келеді: өзін-өзі анықтау, өзін бағалау, қарым-қатынастағы қиындықтар, оқудағы мәселелер. Мен ата-аналарға баланың мінезінен өзгерістер байқаса оларға ұрысуға болмайды деп айтамын. Бұдан жасөспірімдер тұйықталып, сіздерден өзінің басындағы проблемаларды жасырады. Керісінше, оған өзіңіздің жанында екеніңізді, қолдау көрсетіп, көмектесуге дайын екеніңізді көрсету керек. Әрі, қажет болған жағдайда психолог көмегіне жүгіну қажет", - дейді Жанат Амирбековна.
Барлықтарыңызды мына мекен жайда күтеміз: Торайғыров көшесі 12, №105 бөлме. Орталық есіктен бөлек жеке кіру есігі бар. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден 17.00 дейін.