Құрметті оқырмандар! Сіздерді "Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығының мамандарымен таныстыруды жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға дерматолог дәрігер Жумадилова Гульнара Жумагалиевнаны ұсынамыз! Гульнар Жумагалиевна тері ауруларына диагноз қояды және ем жүргізеді. Гульнара Жумагалиевна БАҚ әртүрлі өзекті тақырыптарда сұхбат береді.
БМСК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жастар мен жасөспірімдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты - денсаулықты сақтау, жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы 10-нан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтендіру бойынша қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. Орталықта келесі мамандар жұмыс істейді: гинеколог, педиатр, психолог, дерматовенеролог, уролог, заңгер.