№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Жас ұрпақ

Алматы қаласы №4 ҚЕ " Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығы өз жұмысын бастады. Орталық БМСК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жастар мен жасөспірімдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты - денсаулықты сақтау, жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы 10-нан 28 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтендіру бойынша қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. Орталықта келесі мамандар жұмыс істейді: гинеколог, педиатр, психолог, уролог, СӨС дәрігері, заңгер.

Психолог Жанат Палымбетова психологиялық кеңес береді, психологиялық диагноз қою, коррекциялау, психологиялық білім және психологиялық профилактика жұмыстарын жүргізеді.

"Жасөспірімдер көптеген қиындықтарға бетпе-бет келеді: өзін-өзі анықтау, өзін бағалау, қарым-қатынастағы қиындықтар, оқудағы мәселелер. Мен ата-аналарға баланың мінезінен өзгерістер байқаса оларға ұрысуға болмайды деп айтамын. Бұдан жасөспірімдер тұйықталып, сіздерден өзінің басындағы проблемаларды жасырады. Керісінше, оған өзіңіздің жанында екеніңізді, қолдау көрсетіп, көмектесуге дайын екеніңізді көрсету керек. Әрі, қажет болған жағдайда психолог көмегіне жүгіну қажет", - дейді Жанат.

Қосымша сұрақтарыңыз болса мына телефон бойынша хабарласа аласыз: 242 55 58

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96