Өз елін ұсынып, Елші қазіргі уақытта Словакияның 5,5 миллион азаматынан 12%-ы жұмыссыз болатынын айтты. Словакияда еңбек көші-қоны Еуропа Одағының көрші елдеріне бару деңгейі жоғары екендігін жеткізді. Өмір деңгейінің өсуіне байланысты (орта зейнетақы 399 евро көлемінде) және халықтың өмір ұзақтылығы ұлғайтылуымен зейнет жасын 67 жасқа дейін арттыру жоспарлануда. Елде міндетті зейнетақы жинақтары жүйесі бар, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі де бар. Министр Т. Дүйсенова, Қазақстан мен Словакияның зейнетақы жүелері ұқсастығын атап өтіп, Елшіні Қазақстанда (2017 ж.) бастап міндетті медициналық сақтандыруды енгізілетінін жоспарлануда екендігін, сондай-ақ зейнет жүйесіндегі реформалар туралы айтты, оның бірі шартты-жинақтау құрылымдарын енгізу
(2018 жылдан бастап жұмыс беруші 5%-ды төлейді).
Екі елдің бұдан әрі өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін талқылай отыра, Т. Дүйсенова Елшіге Словакия Республикасының бизнес құрылымдарын медициналық университеттер жанындағы клиникалық базаны құруға бағытталған мелекеттік жеке серіктестік жобаларына (МЖС) белсенді қатысуға шақырды. Бұнда инвесторлардың қатысуы үшін концессия келісім-шартын жасасу жолымен әртүрлі мүмкіндіктері бар екендігін министр атап өтті, онда инвестор кез келген объектті құрып, оны мемлекет тарапына табыстайды, екіншісі – инвестор мен мемлекеттік орган объектті құру және іске қосу бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады; үшінші – инвестор бар объектті жалдау үшін табыстайды, соның ішінде бұдан әрі сатып алу мүмкіндігін де пайдаланады. Бүгінгі күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мемлекеттік жеке серіктестік механизмдерін қолданып, іске асырылып келетін
23 объектінің тізбесін құрды (7 аурухана, 16 емхана), олардың ішінен 2 объект республикалық маңызы бар - Алматы және Қарағанды қалаларының медициналық универститеті жанындағы 300 орынға арналған көпбейінді ауруханалар.