Алматы қаласы №4 Қалалық емханада 8 Денсаулық мектебі жұмыс істейді. Соның бірі - «Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарға арналған мектеп». Бұл мектептің мақсаты - науқастарды дәрігердің кеңестерін орындауға ынталандыру, емдеу, профилактика және реабилитация бойынша дәрігермен серіктестік қарым қатынас қалыптастыру.
«Біздің міндетіміз - аурудың себептері мен өршу белгілері, сондай-ақ мінез-құлық факторының денсаулыққа әсері туралы науқастарға ақпарат беру. Әрі емделушілерді өзін-өзі бақылау, саламатты өмір салты негіздері мен емдік тамақтану принциптерін үйретеміз. Оқыту бағдарламасының тақырыптары әртүрлі, мысалы- «темекі шегу және денсаулық», темекі шегетін науқастарға арналған. Сабақта жүректің ишемиялық ауруы туралы нені білу керектігін, осы ауру кезінде тамақтану туралы, күйзеліс пен денсаулық, физикалық белсенділік туралы айтамын», - дейді кардиолог Тастанбекова Айдана Рахимбердиевна.