С. Амангали Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың процедура бөлмесінің мейірбикесі Ташимова Зарифа Абдировнаға алғысын білдіреді.
"Өз ісінің маманы, укол салған кезде сезбей қаласың. Қашанда сыпайы, мұқият көңіл бөледі. Қолы "жеңіл", уколдан кейін көгеру, ісіну болмайды. Емханада осындай мамандар болғаны қандай жақсы!"
Ташимова Зарифа Абдировна, жоғары санатты мейірбике. №4 ҚЕ 17 жылдан аса еңбек етеді. Жалпы жұмыс стажы - 38 жыл!
"Мен медицина саласында еңбек етуге жаралғанмын. Бала кезімде сіріңке және мақта алып әкеме укол салатынмын, әрі "Ауырды ма? Ештеңе етпейді, шыда, қазір басылады" деп айтатынмын. Отбасындағы бала дәрігер болатынмын. Менің таңдауымның басты себебі - адамдарға көмектесу. Бұл игілікті мамандық. Науқас адамдарға қамқорлық қажет, ал мейірбике жақындарынан ешкім болмаған кезде жұбата алады. Кейде көшеде де біреулерге медициналық көмек қажет болады. Мен алғашқы көмек көрсетуді білемін. Пациентпен тіл табыса білу, сыпайы болу - мейірбикеге тән қасиет. Сонымен бірге психолог болу да маңызды, жылы сөзбен қолдау көрсетіп, позитивті көңіл-күйге ынталандыру керек. Емнің шипалы болуы науқастың көңіл-күйне де байланысты. Тез сауығып кетемін деп сенген адам ғана жылдам қалпына келеді",- дейді Зарифа Абдировна.
Оның өмірінде әртүрлі жағдайлар да болды, жылдам әрекет жасап, жауапкершілікті өзіне алу; қарақұрь шаққан адамды құтқару, жолда шұғыл көмек көрсету. Әсіресе көлікте әйелді босандырғаны есінен кетпейді. Мейірбике мамандығы үшін мейірімділік, адамдарға жақсы қарым-қатынас жасау маңызды. Адамдарға деген сүйспеншілік әрқашан қажет! Сондықтан мейірбике - қажетті және маңызды мамандық!