№4 ҚЕ дәрігері У.Амиркенова №45 мектеп оқушыларына "Қызылшаның профилактикасы" тақырыбында дәріс өткізді. Қызылшаның алдын алу және асқынуы туралы сұрақтар қаралды. Қызылша - қауіпті вирусты ауру. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Осы жіті инфекциялық аурудың балалардағы симптомдары - дене қызуы жоғары, қызылшаға тән бөртпе, тамақтың ауыруы, жөтел, ағзаның айқын уыттануы. Қызылшамен кез-келген бала немесе ересектер де ауыруы мүмкін. Инфекция иммунитетті қатты зақымдайды. Вирус тыныс алу жүйесіндегі асқынулармен аса қауіпті: пневмония, бронхит, т.б. Қызылшадан сақтану жолы екпе жасату.