№4 ҚЕ дәрігері У.Амиркенова №60 мектеп-гимназияның оқушыларымен ""Қызылша профилактикасы" тақырыбында дәріс өткізді. Қызылшаның алдын алу және асқынуы туралы сұрақтар қаралды. Қызылша соқырлық, отит, пневмония, энцефалит, психика бұзылысы сияқты ауқынулармен қауіпті. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезден бастап медициналық көмекке жүгінген жөн. Дәрігер қызылша ауруынан қорғайтын жалғыз шара - екпе жасау екенін айтты.