27.04.2016ж. «Мейірбикелер күніне» орай, Бостандық аудандық мейірбикелер арасында «Үздік мамандық иесі» атты сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты, медициналық ұйым мейірбикелерінің кәсіби шеберлігі мен білім дәрежесін көрсету болды. Қатысушылар, жарыс шартына сәйкес, мамандығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін көрсетті.
Сайысқа №4 Қалалық Емханадан мейірбикелер, акушер және фельдшер-лаборант қатысты. Мейірбикелер өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Сондай-ақ, өлең оқып, би билеп, домбырамен ән шырқады.
Жарыс мейірбикелер, акушерлер, фельдшер-лаборанттар арасында жекелей жүре отырып, балдық көрсеткішпен бағаланды. Нәтижесінде, мейірбикелер арасынан Байдабекова Гаухар Бақтыбекқызы бірінші орынды, акушерлер арасынан Ганиева Нигара Раманкулыевна екінші орынды, фельдшер-лаборанттар арасында үшінші орынды Османова Айман иемденді. Бұл сайыс №4 Қалалық Емхана мейірбикелері үшін өз біліктіліктерін дәлелдейтін қолайлы мүмкіндік болды.