Алматы қаласының №4 Қалалық емханасы акушерлік-гинекологиялық бөлімшеде «Болашақ аналар мектебі» жұмыс істейді. Акушер-гинеколог дәрігер Кунафина А.С. пациенттермен «Толғақтың белгілері. Босанудың алғашқы кезеңі» тақырыбында дәріс өткізді. Сабақ тақырыбы болашақ және жас босанған аналар үшін аса маңызды.
Дәрігер сәби үшін емшек сүтінің артықшылығы туралы, емшек емізу кезіндегі негізгі мәселелер, жеке бас тазалығын сақтау, баланы емшекке дұрыс салу сияқты сұрақтарға толық жауап берді. Әйелдер жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерістер, тамақтану , т.б. туралы мәліметтер алды.
Құрметті №4 Қалалық емхана пациенттері! Сіздерді әр бейсенбі күні сағат 11.00 күтеміз!