Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың медицина қызметкерлері MEGA Alma-Ata СОО-да коронавирус инфекциясына қарсы тұрғындарға вакцина салу жұмысын жүргізіп жатыр.
Жұмыс уақыты: сағат 10.00-ден 20.00 дейін үзіліссіз және демалыс күндерінсіз. Вакцинация MEGA Alma-Ata 1 СОО-да 3-ші қабатта фудхоллда жүргізіледі.
Вакцинацияға алдын ала жазылу қажет емес, кезек бойынша қабылданады. Өзіңізде жеке куәлігіңіз болуы қажет.