Барлығы 658 оқушылар қамтылады. Қалалық №4 емхананың аймағында 9 мемлекеттік мектеп бар.
Мектеп дәрігерлері ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, информациялық-білім беру материалдарын таратты.
"Біз Манту сынамасы баланың организмінде туберкулез ауруының қоздырғышы Кох таяқшасы бар-жоғын көрсететіні туралы айтамыз, яғни инфекция жұқтырудың алғашқы белгісі. Манту сынамасы туберкулинге реакцияның күшеюіне қарай инфекцияның белсенділігін көрсетеді, диагнозды растайды. (оң реакция, мұндай балаларды толық тексеруден өту үшін фтизиатрға жібереміз) немесе теріс реакция-бұл балада барлығы дұрыс екеннін көрсетеді. Манту сынамасы - Туберкулез ауруын алдын алу мақсатында қолданылатын иммундық тест болып саналады, оны 2 айлық жастан бастап 14 жасқа дейін жасайды. Бала 15 жасқа толғанда Манту жасалмайды. Осы жастан бастап оларды флюорографияға жібереміз",- дейді мектеп дәрігері Д.Ш.Калиева.