Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Бүгін, 10 қаңтар елімізде жалпыхалықтық аза тұту күні. Алматы қаласының №4 Қалалық емхананың ұжымы қалада болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Осындай қиын кезеңде, біз-медицина қызметкерлері, ел Президентіне Отанымызды қорғап, мемлекетімізді сақтап қалғаны үшін, Алматы қаласының басшылығына, күштік құрылымға, қалалық қызмет көрсету саласына алғысымызды білдіреміз. Қаламыз біртіндеп қалыпты өмірге оралуда.
Казіргі кезде қолдау және түрлі сұрақтар бойынша кеңес алу үшін жедел желілер, байланыс-орталықтары іске қосылды. 5 мен 19 аралығында Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілді және коменданттық сағат бекітілді. ТЖ кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Біздің күшіміз-бірлікте.