Алматы қаласы №4 ҚЕ СӨС дәрігері У.Амиркенова №45 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына "Туберкулёз профилактикасы" тақырыбына дәріс өткізді. Маман туберкулездің сипмтомдары, берілу жолдары және алдын алу туралы айтты. Кездесудің мақсаты – туберкулез, оның жұғу жолдары туралы айту, профилактикалық екпелердің қажеттігін, аурудың негізгі белгілері туралы түсіндіру.
Туберкулёз – өкпе бұызысына әкелетін қауіпті инфекциялық ауру. Туберкулездің таралу жолы – ауа-тамшы арқылы, әсіресе науқас адаммен жиі қарым-қатынаста болған кезде жұғу мүмкіндігі жоғарылайды. Туберкулезді дер кезінде емдемесе ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.