№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

«Туберкулёз – адамзаттың басты инфекциялық жауы» (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы)

{gallery}/0novosti/1/59/{/gallery}

Бірнеше он жылдар бойы науқастарды емдеу үшін тиімді дәрі болса да, жыл сайын туберкулезден миллион адам қайтыс болады. Біздің ғаламшарымыздың үлкен бөлігінде инфекциялық аурулардың ішінде туберкулездің «№1-ші өлтіруші» болып қала беретініне назар аударту үшін 24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні өткізіледі.

Бұл күн жайдан жай таңдалған жоқ. 120 жыл бұрын бұл күні Берлинде Роберт Кох ғылыми жұртшылық үшін таңғаларлық өтініш жасаған болатын. Ол осы қауіпті аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериясын ашқаны туралы хабарлады. Сол жылдары туберкулез Европа мен Америкада кең таралған, ол ғаламшардың әр жетінші тұрғынының қазасының себебі болатын. Жаңалық осы ауруды диагностикалау және емдеу саласында елеулі түрде жылжуға мүмкіндік берді.

Ауру туралы

Туберкулёз көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшықеттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.

Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді және флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.

Туберкулездің белгілері

  • жөтелу және қақырықтың бөлінуімен жөтелу, кейде қанмен;
  • ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарлауы;
  • тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;
  • тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақ түсіру;
  • көп терлеу, әсіресе түнде;
  • денеге кішкене жүк түсірген кезде ентіге бастау.

Аталғандардың бір белгісі немесе екі немесе үш белгісі болуы мүмкін. Міндетті емес белгілердің бірі жөтел болады.

Үш аптаның ішінде жоғарыда аталғандардың біреуі сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.

Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және емделуі мүмкін.

Ауру қалай таралады

Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы –ауа-тамшы арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.

Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір науқас 24 сағат ішінде он миллиард бактерия бөледі, жөтелген кезде ауа арқылы таралады және қоршағандарға жұқтырады.

Туберкулезбен ауыратын жануарлардан сүт өнімдерін пайдалану кезінде болмашы жұқтыруы мүмкін.

Туберкулез:

  • қол алысу
  • ортақ дәретхананы қолдану
  • ыдыс-аяққа, төсек-орын мен киімге жанасқан кезде жұқпайды

Туберкулезбен кім ауруы мүмкін?

Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Байланыстың жақын болғанына қарай, ауру қауібі жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің азаюы әсер етеді: басына түскен қатты ауру, дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекция. Туберкулезді әсіресе мектеп жастағы балалар мен егде адамдар қабылдағыш. Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. Ағзаны қорғауға және сол немесе басқа аурулардың пайда болуыны иммунитеттік жүйе жауап береді. Туберкулездің дамуы мен өршуі ағзаның әлсіз иммунитеттік жүйесінің нәтижелері болып табылады.

Туберкулезді дамытуға әсер ететін факторлар:

Негізгі фактор – иммунитеттің азаюы, оның себептері:

  • шылым шегу;
  • күйзеліс жағдайлар;
  • жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбау ;
  • жаман тұрмыстық жағдай;
  • маскүнемдік;
  • нашақорлық;
  • АИТВ/ЖИТС;
  • созылмалы өкпе ауруы болуы мүмкін.

Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек

Салауатты өмір салты!

  • Шылым шекпеңіз – ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін азайтады;
  • Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын азайтады;
  • Құнарлы тамақтану;
  • Жиі тексеріліңіз –Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Зерттелу тегін;
  • Вакциналау - туберкулездің таралуын ескертетін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияларға аса жақын және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауруы ықтимал.

Егер бала Манту сынамасын бағалау нәтижесі бойынша жұқтырса, аурудың анықтау үшін оны туберкулезге қарсы диспансерде қосымша тексереді және алдын алу мақсатында, ауру дамымау үшін ем тағайындайды. Жұқтырған балаларға профилактикалық ем міндетті түрде жасалады, ол туберкулез талшықтарының көбеймеуін тоқтатады және аурудың дамуын ескертеді. Шипажай және амбулаториялық түрдегі бейінді балалар мекемелерінде профилактикалық ем жасалады. Жұқтырған балаларда аурудың пайда болу қауібі профилактикалық ем жасаған кезде біршама азаяды. Әсіресе қауіп тобына туберкулезбен ауыратын ата –аналары немесе туыстарымен байланыста болған балалар кіреді.

Үйіңізде туберкулезбен ауыратын адам болса, не істеу керек?

уберкулез талшықтарын бөлетін науқас мамандандырылған ауруханада емделеді. Ем ұзақ болады, бірақ ол туберкулезді жеңудің қажетті шарты болып табылады.

Науқасқа үйде болуға, яғни амбулаториялық жағдайда емделуге рұқсат берсе, онда ол дәрілік заттарды жиі қабылдауды жалғастыруы тиіс. Бұл кезеңде жақын адамдардың қолдауы аса маңызды. Оның үйде болуына жағымсыз көзқарасыңызды көрсетпеңіз. Оның өзіне сырқаттану күйзеліс жағдай болып табылады, әсіресе жақын адамдардың оған деген ашықтан- ашық сақтық қатынастары қосымша психологиялық зақым болады.

Науқасқа осы ауыр кезеңде отбасының барлық мүшелерінің қолдайтынын білдіріңіз, бірақ отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін дәрігердің нұсқаулықтарын қадағалау және қауіпсіздік шараларын қолдану қажет.

Ол үшін:

  • оған бөлек бөлме бөліңіз;
  • жеке ыдыс-аяқ беріңіз (оны бөлек жуу және қайнату керек);
  • науқастың киім-кешектерін бөлек жуыңыз және қайнатыңыз (қайнату және үтіктеу оны зарарсыздандырады);
  • науқастың бөлмесін зарарсыздандыру заттарын қолданумен ылғалды жуып-шаю жұмыстарын жиі жүргізу керек (хлор);
  • Жөтелген кезде науқас ауызын қол орамалмен немесе бетпердемен жабуы керек;
  • Науқастың қақырықты көше немесе жалпы қолдану орындарында емес, бөлінген ыдысқа түкіруі қажет;
  • Науқастың балалармен қарым-қатынасын шектету керек (балалар туберкулезбен ауыру қауібіне жақын);

Науқаспен байланыс жасаған барлық отбасы мүшелері, сонымен қатар адамдар туберкулезге жиі тексерулері керек. Демалу, еңбек ету режимін дұрыс қадағалағалаған, дәрігердің барлық нұсқаулықтарын орындаған жағдайда науқас тағы аман болады.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96