№45 жалпы білім беретін мектептің 50 аса оқушысы "Туберкулез және оның алдын алу" тақырыбында онлайн-дәріске қатысты. СӨС дәрігері У. Амиркенова туберкулездің белгілері, берілу жолдары және алдын алу туралы айтты. Кездесу интерактивті түрде өтті, бейнеролик көрсетілді.
Туберкулез жиі өкпені зақымдайды, дегенмен басқа да органдарға әсер етеді, науқас адамнан сау адамға сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде жұғуы мүмкін. Аурудың алдын алу үшін салауатты өмір сүру керек, 15 жастан бастап жыл сайын флюорографиядан өтіп тұру керек. Дұрыс тамақтанып, жеке бас тазалығын сақтаған жөн.