Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың дәрігері У.М.Амиркенова №139 А. Байтурсынов атындағы мектеп-гимназияның 7, 8, 9, 11 сынып оқушыларымен темекі шегудің алдын алу туралы тренинг-сабақ өткізді. Кездесу Халықаралық темекі шегуден бас тарту Күніне орай «Темекі шегуді тастау үшін Керемет күн» Ұлттық бағдарлама аясында өтті.
Мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу туралы білімділік деңгейін көтеру. Шара барысында темекі шегудің жас организмнің физикалық, психологиялық және адамгершілік дамуына тигізетін әсері туралы айтылды. «Темекі, насыбай, кальянның алдын алу» атты презентация және бейнеролик көрсетілді. Оқушыларға саламатты өмір салты туралы буклеттер таратылды. Тренингке 90 астам оқушы қатысты.