№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Таныс болыңыздар! Нурхожаева Патшагүл Ерпайызқызы! Бала кезінен адамдарға көмектесуді ойлайтын.

Таныс болыңыздар! Нурхожаева Патшагүл Ерпайызқызы! Бала кезінен адамдарға көмектесуді ойлайтын.

Уақыт өте келе арманы жүзеге асты. Патшагүл Ерпайызқызы медициналық білім алып, міне 35 жыл бойы Алматы қ.№4 Қалалық емханада жұмыс істейді. Біліктілік санаты жоғары мейірбике. "Мейірім" төсбелгісімен марапатталған. Мейірбике болу - оның кәсібі!
"Менің ағам дәрігер болатын. Ол маған үлгі болды, әрі менің бала кездегі қалауым жүзеге асты. Мен әрқашан адамдарға көмектесіп, қамқор болғым келетін. Пациенттер әртүрлі, дегенмен олармен тіл табысамын. Менің кәсіби жетістігімнің құпиясы не деп ойлайсыз? Бұл риясыз күлкі, мейірімді көзқарас, жылы сөздер, тыңдай білу. Осы әрекеттердін адамдар тез сауығады. Қазір мен және менің әріптестерім пациенттерді өз-өзіне көмек көрсетуге және өз денсаулығына дұрыс қарауды үйретеміз. Бұл инфекциялық емес созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы. Пациенттердің үйренуге деген құлшынысы, өз денсаулығы туралы білімнің маңыздылығын түсінуі қуантады",-дейді ол.
Пациенттер мен әріптестері аймақтық мейірбикеге дән риза.
"Ол өте жақсы адам. Бойына жақсы қасиеттерді сіңірген. Көмек сұрасаң өз көмегін аямайды. оның жаңа білімге ұмтылысын байқаймыз. Пилоттық жобаларға белсене ат салысады, ең күрделі деген жағдайларды өзіне алады, басқаларды үйретеді",- дейді олар.
"Мен адамдарға скринингтен өтсін деп айтар едім. Өздеріңізді қатерге тікпеңіздер! Уақыт тауып емханаға келіп проф тексеруден өтіңіздер. Бұл Сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Скрининг тегін",- дейді Патшагүл Ерпайызқызы. №4 Қалалық емхананың учаскелік қызметіне үлкен үлесін қосып отыр.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96