Лаззат Докторбаевна дәрі-дәрмекпен қамту бойынша жауапты маман және оның лауазымдық міндетіне амбулаторлық және стационаралмастырушы көмекті дәрі-дәрмекпен қамту жөнінде құрылымдық бөлімшелерден дәрі мен медициналық бұйыидарға тарсырыс қабылдау кіреді. Сонымен қатар ол дәрілік формуляр құрастырады, дәрілер мен медицинаға арналған бұйымдарды қабылдайды, сақталуын қамтамасыз етеді, амбулаторлық-дәрімен қамту рецептерінің дұрыстығын тексереді. Орфандық аурулар бойынша тізім дайындаумен айналысады. Орфандық аурулары бар науқастар қымбат тұратын дәрілерді уақтында алады. Әрі дәрі-дәрмектер үйге де жеткізіліп береді. 2023 жылы диспансерлік есепте тұратын науқастар саны 18378, ал 2022 жылы 17115 адам болды. Тапсырыс беруден пациентке жеткізіп беруге дейінгі процесс провизор Лаззат Докторбаевнаның бақылауында. Қызметкерлер де жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Дәріханада 2 фармацевт және 2 дәрімен қамтамасыз ету мейірбикесі жұмыс істейді. Провизор мен дәрігер - тығыз байланыста жұмыс атқаратын мамандар. Олардың жұмысы қаншалықты дұрыс ұйымдастырылуынан пациенттердің денсаулығы мен амандығы тікелей байланысты. Дәріхана қызметкерлерінің жұмысы күнделікті жұмыс жоспарын талқылаудан, шұғыл мәселелерді шешу үшін жиналыстан басталады, яғни жұмыс бірлесіп жүргізіледі. Дәл осылай ғана толық түсіністік пен қарым-қатынасты орнатуға болады, әрі жұмыс та тиянақты, белгілі жоспармен атқарылады. Тәртіп, жауапкершілік пен жеделдік - осы қағидалар ұйымшыл топқа тән. Дәріхана жұмысының принциптері - осы жерде және дәл қазір!!! Тіпті науқасқа алғаш рет диагноз қойылса да, ол барлық қажетті дәрілермен дереу қамтамасыз етіледі. Дәрілерді диспансерлік есепте тұратын пациенттер алады.
Лаззат Докторбаевна мектеп кезінен провизор болуды армандап, алға қойған осы мақсатына ұмтылды. Түрлі байқауларға қатысты, Президенттік олимпиада жүлдегері болды. Сүйікті пәні химия болатын. Медицинаға деген қызығушылығы бала кезінен басталды деп айтуға болады. Әкесі - кардиолог, санавиацияда жұмыс істейді. Ағасы мен әпкесі де медицина саласында. Ағасы - терапевт дәрігер, әпкесі де провизор. Оның өмірлік ұстанымы: «Ертең өмірді құтқару үшін, бүгін оқу керек». Лаззат Докторбаевна күнделікті осы ұстанымды берік сақтайды, осындай жас, мақсатшыл, білікті маманның біздің арамызда жұмыс істеп жүргегін мақтан тұтамыз!
“Өз ісінің маманы, мейірімді, ақкөңіл және кең жүректі адам”,- ол туралы әріптестері осылай дейді. Өз жұмысын жақсы көретін, алға қойған мақсатына ұмтылатын, қайратты, жас маманға ақ жол тілейміз!