№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Тәуелсіздік құрдастары

Тәуелсіздік құрдастары, 1991 жылы туған жастар еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосып жүр. Джолдасова Гульбану Алтымбекқызы - мақсатқа ұмтылған, керемет жастардың бірі.

Тәуелсіздік құрдастары, 1991 жылы туған жастар еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосып жүр. Джолдасова Гульбану Алтымбекқызы - мақсатқа ұмтылған, керемет жастардың бірі. Ол 6 жылдан аса Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында акушерка болып жұмыс істейді. Республикалық медицина колледжін "Акушерлік ісі" мамандығы бойынша бітірген.

"Тәуелсіздік құрдасы болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Қазақстан Тәуелсіздігі күінде туғанымды мақтан тұтамын және өз елімнің дамуына үлес қосып жүрмін. Бала кезімде дәрігер болып ойнайтынмын, қуыршақтарды қарап, оларды емдеп, укол салатын едім. Анам мені емханаға апарғанда дәрігерге қызығып қарайтынмын. Маған олардың ақ халаттары ұнайтын. Мүмкін сол кезде медицинаны таңдаған шығармын. Өсе келе бұл арманға айналды және осы мамандықты таңдадым. Менің мамандығымның адамдарға пайда әкелетіні мен үшін маңызды. Осы мамандықты таңдағаным үшін өкінбеймін, өте бақыттымын! Өзімді медицинадан басқа жерде елестете алмаймын. Медицина қызметкерлеріне адамдардың өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Біздің мемлекет жастарға жақсы білім алуға, өзін дамытуға және үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік жасап отыр. Медицина бір орнында тұрмайды, жаңа заманға сай болуға тырысу керек. Мен де білімімді жетілдіріп, тәжірибе жинақтап, біліктілігімді көтеріп отырамын. Бұл біздің жұмысымызда аса маңызды. Біз үшін ең жақсы марапат - пациенттердің күлкісі. Акушерка болу - бұл борыш. Жауапкершілік және қайырымдылық. Акушерка болу - ең алдымен өз жұмысыңды жақсы көру, қамқоршы, өз ісінің маманы болу, әйелдерді дер кезінде психологиялық қолдау, позитивті болу, кеңес беріп, жақсылыққа бағыттау. Босанудан кейінгі кезең - маңызды және жауапты уақыт. Біз әйелдерге кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, контрацепция әдістері, босанудан кейінгі гигиена, емшек емізу, дұрыс тамақтану, т.б. туралы айтамыз. Босанудан кейінгі кезеңде денсаулықты күту керек, саламатты өмір салтын сақтап, артық жүктеме, күйзелістен аулақ болған жөн. Біз пациенттермен 24/7 уақыт байланыстамыз", - дейді Гулбану Алтымбекқызы.

Біздің кейіпкеріміз бос уақытында тауға шығады, табиғатты жақсы көреді, және түрлі тағам дайындағанды ұнатады, тәтті тағамдарымен туыстары мен достарын сыйлайды.

"Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт тілеймін және барлық армандарыңыз орындалсын! Әр отбасында ынтымақ, өзара сыйластық болсын, сәбилердің күлкісі кетпесін", - дейді Гулбану.

Міне, Гульбану сияқты керемет, жас мамандар әр түрлі салада Қазақстанның ары қарай дамуы үшін өз үлестерін қосуда. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және еңбектерңізге табыс тілейміз!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96