Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың дәрігері У.М.Амиркенова №60 мектеп-гимназияның оқушыларымен «ӨСОА туралы не білеміз? Себебі және алдын алу». Мақсаты – жастар арасында өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу туралы білімін жетілдіру, темекі шегу мәселесіне назар аудару. Сынып сағаты Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивті ауруына қарсы күрес Күніне (18-нен 28 қараша) орай «Еркін тыныс ал!» Ұлттық бағдарламасы аясында өтті. «ХОБЛ» атты бейнеролик көрсетілді, темекі шегу жөнінде буклеттер таратылды.
«Еркін тыныс ал!» Ұлттық бағдарламасының міндеттері – тұрғындардың өкпенің созылмалы обструктивті ауруы туралы, оның алдын алу және зиянды әдеттерге, темекі шегуге, ішімдік ішуге, гиподинамия мен дұрыс тамақтанбауға қарсы тұрақты мінез қалыптастыру туралы білімдерін жетілдіру.