№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Скрининг – қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау

Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың СӨСҚ дәрігері У.М.Амиркенова №60 мектеп-гимназияның мұғалімдерімен «Скрининг – қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау» тақырыбында ақпараттық әңгіме өткізді. Әйелдердегі қатерлі ісік аурулары арасында емшек безі және жатыр мойнының қатерлі ісігі алғашқы орында тұр. Ауру 50-60 жас аралығында көп кездеседі.

Жатыр мойны қатерлі ісігі 40 жастан кейін кең таралып, 45-55 жаста шегіне жетеді. Скринингтің мақсаты – қатерлі ісік ауруына әкелетін жатыр мойны және емшек безі патологиясын ерте анықтау. «Мұндай шараларды өткізу - ісік ауруларын ерте анықтау және оның алдын алу, скрининг бағдарламаларына қатысудың маңыздылығы, тұрғындардың ісік ауруына күдігі туралы ақпараттарды білуін арттыру» - дейді Улбосын Мухамедьяровна.

Тұрғындардың мақсатты тобын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ережелері туралы кітапшалар таратылды. Кездесу Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес Күніне орай ісік ауруларымен күрес бойынша Республикалық онкүндік аясында ұйымдастырылды. Онкүндік 10 ақпанға дейін жалғасады.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96