№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Алматы қаласы №4 ҚЕ психологтары емхана қызметкерлері үшін төмендегі тақырыптар бойынша тренингтар өткізді:
Тақырып: «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Мақсаты: Ұжымның стресстен,агрессивтіліктен арылуға көмек бере отырып, бірін-бірі дұрыс түсінуге көмектесу
Міндеті: Жаттығу арқылы тренингті ашып, қатысушылардың күнделікті істен бой жазып, өз-өзіне көңіл бөлудің кішігірім сәті. Адамның өзін өзі бағалауына мүмкіндік бере отырып, қуанышты көңіл күй сыйлау. Қобдишаның ішінде ешкімге белгісіз құпия «тұлға» бар. Тренингке қатысушыларға талап «тұлғаға» 5 комплимент арнау.
Тақырып: «Ұжымда кім жылдам»
Мақсаты: Берілген тапсырманы кім жылдам орындайды, кімнің ұтқыр екенін біле отырып,шығармашылық ізденіске көмек беру.
Міндеті: Ұжымдағы ара-қатынасты жақсарта отырып, позитивті энергиямен бөлісу. Қатысушылардың моторикасы және танымдық үрдістерді жандандыруға бағытталған. Ойын процесі кезінде қатысушылар жұппен бөлініп, қарама-қарсы орналасады, орталарына 1 қарындаш қойылады. Жүргізушінің бастауымен бас,құлақ, аяғыңызға қол тигізесіз және кезек қарындашқа келгенде жұбыңыздан бұрын алып үлгеруіңіз қажет. Жаттығу соңғы 1 жұп қалғанша дейін жалғасады. Осылайша тек қана көңіл көтеріп қоймай, стресспен жұмыс жасауға профилактикалық әдістеме.
Тақырып: «Құпия сөз»
Мақсаты: Топ арасындағы шығармашылық ізденісті дамыту және ұжымның бірлігін дамыту.
Міндеті: Ұжымдағы стресстен арылуға және бір-бірін түсінуге бағытталған. Сонымен қатар әр адам қатыса отырып жағымды климаттың дамуына әсер етеді. Жаттығу барысында үш ерікті шығады, ал олардың арттарында кезек сөздер көрсетіледі, көрермендердің міндеті ол сөзді тұспалдап түсіндіру. Ең көп дұрыс және нақты сөздерді тапқан қатысушы жеңімпаз болады.
Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96