№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Eсептілік өткізген кеңесте туралы ақпарат

2017 жылғы 28 ақпанда емхананың 2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша жыл сайынғы есептік жиналыс өткізілді. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері: қоғамдық денсаулық сақтау және МСАК дамыту бөлімінің басшысы Жанар Болатқызы Кенжебаева..

ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-ның 2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша өткізілген есептік жиналыс туралы ақпарат.

2017 жылғы 28 ақпанда емхананың 2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша жыл сайынғы есептік жиналыс өткізілді. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері: қоғамдық денсаулық сақтау және МСАК дамыту бөлімінің басшысы Жанар Болатқызы Кенжебаева, денсаулық сақтау бағдарламаларын жоспарлау, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Сәуле Тоқтарбайқызы Нұрақыш, Байқау кеңесінің төрағасы мен мүшелері, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы отбасылық медицина кафедрасының және емхана қызметкерлері, тұрғындар қатысты.

Емхананың 2016 жылғы негізгі қызметі Мемлекет Басшысының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын; Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын; Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын; Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылға арналған Жедел жоспарын іске асыру шеңберінде құрылған.

2016 жылы емхана аккредиттеуден өтіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аккредиттелгені туралы куәлігін 3 жыл мерзімге (1 санат) алды. Мына көрсеткіштер қамтамасыз етілді: жалпы өлім көрсеткіші 7,2%-ға; сәби өлімі 21,4%-ға; сапасыз медициналық көмек көрсетілгені үшін алынған ақша қаражаттарының үлесі 10%-ға төмендеді. Кредиторлық берешек жоқ. Меморандумның 15 индикаторының ішінен 14 көрсеткіш бойынша шекті мәнге қол жеткізілді.

2017 жылы жұмысты жетілдіру бойынша қойылған міндеттер анықталды:

  • "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының, Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жж. арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарын әрі қарай іске асыру, индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмыс берушілермен, медициналық қызметкерлермен және халықпен ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізу;
  • Халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты бойынша әлеуметтік бағдарланған МСАК үлгісін бұдан әрі жетілдіру;
  • Жалпы практика дәрігерлерінің білімдері мен дағдыларын "аралас" мамандықтар бойынша біртіндеп нығайту;
  • Үдеріс индикаторларын жақсарту жолымен медициналық қызмет сапасымен халықтың қанағаттануына қол жеткізу;
  • Медициналық персоналды өз кәсібінің перспективалық көрінісіне, тұлғалық өсуіне, үнемі жаңарып, білімдері мен дағдыларын дамытуға бағдарлау;

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау және МСАК дамыту бөлімінің басшысы Жанар Болатқызы Кенжебаева Алматы қаласында өткен 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға белсенді қатысқаны үшін емхана қызметкерлеріне алғысын білдірді және МӘМС енгізу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Байқау кеңесінің төрағасы В.Э.Ким 2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша емхананың жұмысын бағалап, алдағы 2017 жылғы жұмысқа сәттілік тіледі.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96