2016 жылғы 02 ақпанда Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, яғни Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімінің басшысы Жанар Ақылбекқызы Мәдеева және бөлім бас маманы Нәйля Мақсұтқанқызы Қожекенованың қатысуымен 2015 жылғы емхана қызметінің негізгі көрсеткіштеріне есеп жүргізілді. Емхана мен кафедра қызметкерлері, тұрғындар қатысты.
Баяндамашы: ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері Ф.Ә. Ағыбаева.
2015 жылы емхананың негізгі қызметі Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын; Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін; Алматы қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын; Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру негізінде жүзеге асырылды.
Есептер мен баяндама бойынша аналитикалық қорытынды шығарылды:
1. Емханада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен көзделген міндеттер іске асырылуда;
2. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қағидалары енгізіліп, сәтті іске асырылуда;
3. МСАК қаржыландырудың жан басына шаққандағы кешенді нормативі және консультациялық-диагностикалық қызметтерге өзара есеп айырысулар жүйесі енгізілді;
4. Меморандумның 16 индикаторы бойынша 2 индикатордан басқа шекті мәндерге қол жеткізілді;
5. ЖНЫК төлемі дәрігерлерге және ОМҚ 2 есеге, психологтарға 20%-ға, әлеуметтік қызметкерлерге - 20%-ға артты;
6. Қызметтің түпкілікті нәтижелерін бағалаумен медициналық персоналдың ынтасын жоғарылату тетігі енгізілді (сараланған еңбекақы);
7. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын МСАК дамытуды жетілдіру бөлінісінде іске асыру мақсатында емханада дәрігер құзыретінің жартысы өздігінен қабылдау жүргізе беру үшін орта медициналық персоналға берілді.
Кеңес барысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған міндеттер қойылды:
1. Халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты бойынша әлеуметтік бағытталған МСАК моделін құру;
2. «аралас» мамандықтар бойынша машықтары мен біліктілігін бірітіндеп арттырумен жалпы тәжірибе дәрігерлері қызметін әрі қарай енгізіп, нығайту;
3. Отбасыларға кешенді медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек ұсыну;
4. Индикаторларды жетілдіру арқылы халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттануына қол жеткізу;
5. Өз денсаулығына жеке жауапкершілікті қалыптастыру арқылы халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізудің тиімді жүйесін құру, халықпен ұзақ мерзімді серіктестікке қол жеткізу;
6. Амбулаторлық пациенттің электрондық медициналық картасының жүргізілуін әрі қарай жетілдіру;
7. Өз кәсібі бойынша болашақта көрінуіне, жеке өсуіне, біліктілігін үнемі жаңартып, коммуникативтік машықтарын дамытуға медициналық персоналды бейімдеу;
8. Емхананың беделін арттырып, жағымды имидж қалыптастыру.