Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың мейірбикесі А.А.Базилевич және АӘД оқытушысы А.И.Туяков №127 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен «Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық...
Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың мейірбикесі А.А.Базилевич және АӘД оқытушысы А.И.Туяков №127 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен «Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Оқушыларға ТЖ кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі қағидалары түсіндірілді. Әртүрлі жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдылары көрсетілді. Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін білу ғана емес, зардап шегушінің жағдайын қиындатпау үшін істеуге болмайтын әрекеттер туралы да түсіндірілді. Алғашқы әскери дайындық оқытушысы кез-келген төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді.