Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың дәрігері У.Амиркенова №60 мектеп-гимназияның оқушылары арасында "Жасөспірімдер арасында токсикомания профилактикасы" тақырыбында семинар өткізді. Кездесудің мақсаты - өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру, жасөспірімдерді уытты заттарды қолдануға тартуға қарсы тұруды үйрету. Дәрігер психикалық белсенді заттарды пайдаланудың белгілері мен зардаптары туралы айтты. "Улы буларды иіскеу не үшін қауіпті?" атты бейнеролик көрсетілді.