Алматы қаласы №4 ҚЕ дәрігері У.Амиркенова, мектеп мейірбикесі Н.Усманова №45 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен "Саламатты өмір салты.
Дұрыс тамақтану" тақырыбына дәріс өткізді. Оқушылар өздері үшін саламатты өмір салтына не жататынын білді: дұрыс тамақтану, дене жаттығуларымен айналысу, күн тәртібін сақтау, жеке бас тазалығын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту.
Тамақтану туралы сұраққа ерекше тоқталды. Ұтымды тамақтану - денсаулық пен белсенділіктің маңызды шарты.
Оқушының дұрыс тамақтануы жасына сәйкес болу керек, күніне төрт рет, құнарлы заттар құрамы бойынша - ақуыз, май, көмертегі, сондай-ақ витаминдер мен минералдар болуы тиіс. оқушыларға кеңестер беріліп, буклеттер таратылды.