Құрметті біздің оқырмандар! Таныс болыңыздар! Сагимбекова Дамира Арманкуловна - Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың Амбулаториялық хирургия орталығының операция жасау бөлмесінің мейірбикесі.
"Медицина - бұл менің таңдауым. Бірінші рет тәжірибеден өту кезінде операциялық блокка түстім. Сол кезде мен операциялық мейірбике боламын деп шештім. Мен осы таңдаумен "ауырдым", денемді ток ұрғандай болды. Мен бірден нақты түсіндім, бұл менің жұмыс орным, операция жасау бөлімінде жұмыс істеуге тиіспін. Менің ішкі қалауым күшті болғаны соншалық, тәжірибе жинап, бөлімшенің жұмысын жақсы білу мақсатында аурухананың операция жасау бөліміне санитарка болып жұмысқа орналастым. Ауруханада жұмыс істеп жүрген кезде жол-көлік апатынан кейін, биіктен құлаған, т.б. науқастарды алып келгенде - солардың әрқайсысы үшін, әсіресе балалар үшін қатты уайымдайтынмын. Көп адамдар түскенде ес-түссіз келеді, уақыт өткен соң палатаға келіп олардың емделіп, естерін жинағанын көрдім. Көпшілігі бізді білмейтін, себебі бөлімшеге түскенде есін білмей түсетін. Дегемен олармен сөйлесіп, сауыға бастағанда, олардың жағдайы жақсарғанда, мен өзімді шын бақытты сезінетінмін. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес",- дейді Дамира Арманкуловна.
"Операциялық мейірбике білім мен дағдыны меңгерген, реакциясы нақты және жылдам, жүйке жүйесі мықты болуы керек. Экстремалды жағдайда біз жылдам әрекет етуге тиіспіз, білікті, асептика және антисептика ережесін, операция жасау кезінде тәжірибелік дағдыларды білуге тиіспіз. Операциялық мейірбике пациентті, операциялық блокты дайындайды, құралдардың стерилдігіне жауап береді. Операциядан кейін қажет болған жағдайда таңу жұмыстарын жасаймын",- дейді Дамира Арманкуловна.
Міне осындай жас, алдына мақсат қойған, өз мамандығын сүйетін, ұдайы білімі мен тәжірибесін жетілдіріп жүретін маман бізде жұмыс істейді!
Дамира Арманкуловна Сізге жұмысыңызға табыс тілейміз, пациенттердің алғысына бөленіп жүре беріңіз,алға қойған мақсатыңыздан таймаңыз! Ақ жол!