Онкологиялық сақтықты жоғарылату мақсатында ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да 2016 жылғы 06 желтоқсанда ШЖҚ «Алматы онкология орталығы» МКК бас дәрігері, м.ғ.д. Дамир Абайділдәұлы Дәулетбаевтың қатысуымен жалпы практика дәрігерлері...
Онкологиялық сақтықты жоғарылату мақсатында ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да 2016 жылғы 06 желтоқсанда ШЖҚ «Алматы онкология орталығы» МКК бас дәрігері, м.ғ.д. Дамир Абайділдәұлы Дәулетбаевтың қатысуымен жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар үшін «Онкологиялық сақтық және ауруларды ерте диагностикалау мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Д.А. Дәулетбаев өз баяндамасында Алматы қаласының онкология қызметі көрсететін медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары бойынша МСАК деңгейінде онкологиялық көмек көрсетудің негізгі сәттері мен мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, Алматы қаласы онкология қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті және 65 жас және одан жоғары адамдарға профилактикалық тексерулер жүргізу мәселесін өзектендіруді ұсынды.