Алматы қаласының 4 Қалалық емханасында аймақ бойынша тіркелген тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы жаппай екпе салу жүргізіледі.
Алматы қаласының 4 Қалалық емханасында аймақ бойынша тіркелген тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы жаппай екпе салу жүргізіледі.
Екпе салу бөлмесінің орналасқан жері: Алматы қаласы, Орбита 3 ықшам ауданы, 12 үй. 102, 429, 420 бөлмелер Жұмыс уақыты: күнделікті сағат 8.00-ден 20.00 дейін
Байланыс телефондары:
- 4 Қалалық емхананың Call-орталығы +7 (727)312-24-77
- Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі +77006746044
- Емхананың сайты: http://www.4gp.kz
- Емхананың Facebook:
- https://www.facebook.com/clinic4almaty
- Емхананың Instagramhttps://www.instagram.com/gp4_almaty
Вакцинация екпе алушының келісімі бойынша ерікті түрде, дәрігер тексеруінен кейін жасалады. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе барлық тұрғындарға Кепілдемелі тегін медициналық көмек көлемі аясында тегін жүргізіледі.
Құрметті пациенттер, коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу үшін:
- Сізге жеке куәлігіңізбен тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға бару керек,
- Екпе алдында Сіз сауалнама, ерікті мәліметті келісім толтырасыз, ескерте қағазын береді,
- Вакцинациядан кейін Сіз 30 минут бойы дәрігердің бақылауында боласыз, келесі 3 күн - аймақтық дәрігер бақылайды,
- Сізге екпеден кейін сырқаттану белгілері болса, қайда хабарласу қажеттілігі жазылған парақ береді,
- Вакцинаның екінші дозасын Сіз бірінші екпеден кейін 21 күннен соң аласыз. Екпе алу күні мен уақыты туралы смс-хабарлама бір тәулік бұрын сіздің телефоныңызға жіберіледі.