Құрметті Пациент!
ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК азаматтарды тіркеу, дәрігерді үйге шақыру және дәрігердің қабылдауына жазылу сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Ол емханаға жүгіну, телефон арқылы жүгіну, сондай-ақ www.egov.kz сайтында Электрондық Үкімет Порталы арқылы жүзеге асырылады. Электрондық цифрлық қолтаңба талап етілмейді.
e-gov Электрондық Үкімет Порталы арқылы емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақыру қағидалары
«Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – Портал) электрондық қызмет алу үшін:
- Порталмен жұмысты бастау үшін www.egov.kz сілтемесі арқылы кіріңіз;
- Порталда тіркелу керек. Порталда тіркелу үшін басты беттің жоғарғы бөлігінде «Тіркелу» тетігін басыңыз.
- Нәтижесінде экранда келісімі бар терезе шығады. Оны мұқият оқып, қызмет субъектісін белгілеңіз – жеке тұлға, «Пайдаланушы осы Келісімнің барлық тармақтарымен танысып, олармен мүлтіксіз келісетінін растайды» мәтінінің алдына қанат белгісін қойып, «Тіркеу» тетігін басыңыз.
- Жеке сәйкестендіру нөмірі (*ЖСН), әрі қарай «Жеке Тұлғалар мәліметтерінің Мемлекеттік Базасында тегі мен атын табу» іздеу тетігін басыңыз және портал автоматты түрде тауып, «Тегі» және «Аты» бос орындарына ЖСН мәліметтеріне сәйкес деректерді шығарады;
- Пароль ойлап табыңыз (кемінде 8 символдан тұратын, латын әріптері мен сандарды қолданған жөн);
- Электрондық мекенжай – қолданыстағы электрондық поштаңызды көрсетіңіз.
Барлық тиісті орындарды толтырғаннан кейін «Тіркелу» тетігін басыңыз.
- 2. Авторлау. Электрондық қызмет алу үшін Порталда авторлау үдерісінен өту қажет – «Кіру» тетігін басыңыз және ЖСН мен парольіңізді (Тіркеу кезінде өзіңіз көрсеткен) теріңіз, содан кейін «Жүйеге кіру» тетігін басыңыз.
- 3. Қызметті таңдау. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» қызметін:
- Іздеу бос орнына көрсетілетін қызметтің атауын теру арқылы таба аласыз, оны «Бір тізіммен онлайн қызметтер» тетігі арқылы өтіп, жүзеге асырасыз. Оны алу үшін «ОНЛАЙН қызметіне тапсырыс беру» тетігін басыңыз.
4. Өтінімді толтырып, жібересіз.
- Ашылған терезеде толтыруға тиісті барлық орындарды толтырыңыз. Толтырғаннан кейін келесі қадамға өту үшін «Өтінімді жіберу» тетігін басыңыз.
5. Құжаттарды қарау барысында пайдаланушының жеке кабинетіне:
- жеткізілгені туралы хабарлама;
- мемлекеттік органда берілген тіркеу нөмірі мен тіркеу күнін көрсетумен жүгінудің тіркелуі туралы хабарлама немесе жүгінуді тіркеуден бас тартудың себебін көрсетумен тіркеуден бас тарту туралы хабарлама;
- орындаушы мен орындалу мерзімін көрсетумен орындауға жолданғаны туралы хабарлама;
- орындаушы мен орындалу күнін көрсетумен орындалғаны туралы хабарлама және жүгінуді қарау нәтижелері туралы ақапарат немесе жүгінуді құзыретіне сәйкес басқа субъектілердің не лауазымды тұлғалардың қарауына жолдауы туралы ақпарат жіберіледі.
Туындаған барлық мәселелер бойынша 326-98-79, 326-98-59 телефондары арқылы немесе Egov.kz Электрондық Үкіметінің Бірыңғай байланыс орталығына 1414 және 8-800-080-7777 бойынша жүгіне аласыз (Қоңырау шалу тегін).
Сонымен қатар www.egov.kz сайтынан ақпарат ала аласыз.