№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Құрметті оқырмандар! Бүгін Сіздерді Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың жоғары санатты мейірбикесі Тускенова Ағила Кыдыровнамен таныстырамыз!

Құрметті оқырмандар! Бүгін Сіздерді Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың жоғары санатты мейірбикесі Тускенова Ағила Кыдыровнамен таныстырамыз!

Медицина саласының үздігі медалімен марапатталған. Әріптестері мен пациенттер ол туралы мейірбан, қайырымды адам ретінде жақсы пікір айтады. Әрі ол өз ісінің маманы! Ағила Кыдыровна емханада 30 жылдан аса жұмыс істейді, емхана өз үйіндей болып кеткен. Ағила Кыдыровна Семей медицина училищесін бітірген. №4 ҚЕ ұзақ уақыт жарақат таңу бөлмесінде істейді. Қазіргі кезде Амбулаторлық хирургия орталығының мейірбикесі.
"Алғашқы жұмыс орным - перзентхана! Аса есімде қалғаны - жаңа туған нәрестелерді көруім. Перзентханада балалар күтіміне қарадым, бұл осы мамандық бойынша керемет тәжірибе болды. Сүйікті әріптестерімсіз, емханасыз, пациенттерсіз өмірімді елестете алмаймын. Оларды жақсы көремін, олардың әрқайсысының жақсылықтарына қуанамын, сәтсіздіктеріне жаным ауырады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, әсіресе жарақат таңу ұнайды. Бұл менің жақсы көретін ісім және өз жұмысымды сапалы атқару мен үшін ең маңыздысы. Басқалай мен істей алмаймын. Жұмыс істесем - тек қана 100%! Күніне 30-дан аса таңу жасаймын. Білесіз бе, бұрын мейірбикелерді қайырымды мейірбике деп атайтын. Біреудің ауруына қайырымдылық пен жанашырлық - мейірбикенің аса басты мінезінің бірі. Сонымен бірге мұқият, ұқыпты және жауапты болу керек. Менің жұмыс күнім ерте басталады: таңертеңгі сағат 8.00-ге дейін стерилді материалдарды алып, бөлмені жұмысқа дайындау керек. Басқаларға көмектесу маған ұнайды. Мейірбике - бұл дәрігер мен пациентті байланыстырушы звено. Мен травматолог пен хирургтің мейірбикесімін. Пациенттер менің телефонымды біледі, тіпті кейде түнде де хабарласып жатады, 24/7 байланыстамын. Ешқашан көмек көрсетуден бас тарпаймын! Менің өмірімде алғашқы медициналық көмек көрсеткен кездер де болды: жарақат алған кезде, жүрек соғуы және тыныс алу тоқтаған кезде. Осындай кездерде мейірбике болудың және біреудің өмірін құтқарудың маңыздылығын түсінесің. Адамдардың барлығын уақытында профилактикалық тексеруден өтуге шақырамын. Өз денсаулығың мен өмірің үшін жауапты болуың керек. Скрининг тегін жүргізіледі. Сонымен бірге позитивті көңіл-күйде болып, өмірге қуаныңыздар!",- дейді Ағила Кыдыровна.
Біздің кейіпкеріміз бос уақытын немерелерімен өткізеді. Оның екі немересі бар.
"Менің немеремнің екеуі де ұл. Олар менің бақытым, мақтанышым! Олармен табиғатта жиі бірге болуға тырысамын, дәмді тағамдар дайындап беремін. Біздің тауларды жақсы көремін, су жағасында демалған кезде шаршағаның да басылады. Сүйікті Алакөлдің толқындарына қарап отырудың өзі бір бақыт. Бұл маған күш, энергия, шабыт беред!",- дейді Ағила Кыдыровна.
Құрметті Ағила Кыдыровна! Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбегіңізге табыс, шаңырағыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін!
Сұхбат бергеніңіз үшін Сізге рахмет!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96