Сапа айлығының шеңберінде 2016 жылғы 29 қарашада ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да «Жүкті әйелдерді психологиялық қолдау» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнін өткізу барысында психологтар мен акушер-гинекологтардың қатысуымен «Қорқыныш және сенімсіздікпен күресу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің кеңестері берілді.