№4 ҚЕ психологы Майра Базарбаевна Шынгысбаева күйзелістен қалай арылуға болатыны туралы айтады.
Бұл оңай емес, бірақ мүмкін! Ең алдымен психологтың не психотенрапевттің көмегіне жүгіну қажет. Психотерапевт сіздің жан әлеміңізді барынша түсініп, сіздің бар сырыңызды тыңдап, оны сақтай алатын Сіз сенім арта алатын жан. Психотерапияны үзбей әр апта өтіп отырыңыз. Ұзақтығы өзіңізді жақсы сезінгенге дейін, әр адамның мәселесіне қарай созылады. Психотерапевттің айтқан үй тапсырмаларын орындап отырыңыз.
Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Бала кезде көбінде қандай іспен айналысқанды ұнатқан едіңіз немесе армандаған едіңіз соны іске асырыңыз. Мысалы: қол өнермен айналысу (тоқыма тоқу, сурет салу, тігінмен айналысу, ағаш жону , кітап оқу т.б).
Спортпен шұғылдану: аптасына 2 мәрте йогамен айналысу, жаяу жүру, таза ауада серуендеу. Стресс гормонын картизолды төмендетеді. Жүзумен айналысу денеңізді сезінуді жақсартады. Атқа міну-тіпті ауыр жағдайдағы сал балаларды да емдеуге қасиеті бар екені дәлелденген. Бокспнен айналысу-іштегі ашу ызаны шығаруға көмектеседі. Т.б өзіңізге жақын спорт түрімен айналысып дене қимылын көбірек жасаңыз. Себебі, ойдың көп болуынан және оның қайталана беруінен депрессия туындайды. Ал, сол ойды дене қимылы арқылы сыртқа шығаруға жақсы мүмкіндік.
Ойды позитивті ойларға алмастыру: егер сізде біреуге деген реніш болса оны қағазға бар айтқыңыз келген ойыңызды жазып, оны майдалап жыртып, унитазға ағызып жіберу. Одан кейін қағазға немесе оймен ол адамға не үшін алғыс айта аласыз соны ойлаңыз.
Үй жағдайында қолдануға арт терапияның бір тәсілін қолдансаңыз тіпті жақсы. Мысалы, «Фрактальный ресунок». А4 қағазына көзді жұмып қолды еркіндікке жіберіп қағаз бетін толтырып шимайлап сызып шығасыз. Және оны әр түрлі қалаған түстеріңізбен бояп шығыңыз. Осы тәсілді қалағаныңызша жасасаңыз болады.
Табиғатпен тілдесу. Мысалы: тауға барып, ағып тұрған өзенге қарап тұрып ойыңызбен жағымсыз ойларды ағызыңыз. Ішіңізге толған эмоцияларды тауға қарап, ешкім жоқ жерде айқайлап шығару. Табиғаттың аясында отырып медитациялар жасаңыз.
Негативті ортадан алшақтаңыз. Яғни, сізді кемітетін не сөгетін адамдардан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Керісінше өзіңізді дамытатын, позитивті ортамен араласыңыз.