«Онкологиялық аурулардың тиімді алдын алудың 8 басты ережесі» атты семинар-тренинг өткізілді..
Жыл сайын 4 ақпан күні Бүкіләлемдік онкологиялық аурулармен күрес күні атап өтіледі. Бұл шараны обырға қарсы Халықаралық күрес одағы дүниежүзілік қоғамдастық назарын ғаламдық осы мәселеге аудару мақсатында бекіткен. Биылғы жыл бұл шара «Біздің қолымыздан келеді. Менің қолымнан келеді» ұранымен өтеді. Бұл Күннің мақсаты - дүниежүзілік қоғамдастық назарын онкологиялық ауруларға қатысты мәселеге аудару, тұрғындарға аурудың алдын алу, ерте анықтау және емдеу туралы білімдерін көтеру. Обыр дүние жүзі бойынша адам өлімінің басты себептерінің бірі. Бүкіләлемдік онкологиялық аурулармен күрес күнінің онкүндігі аясында №4 Қалалық емханасы да осы ауруға қарсы күреске өз үлестерін қосуда. СӨСҚ бөлмесінің қызметкері Ж.Ж.Ешназарова ҚазАҚА 1-3 курс студенттерімен «Онкологиялық аурулардың тиімді алдын алудың 8 басты ережесі» атты семинар-тренинг өткізіп, ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Студенттерге обыр деген не, оның алдын алу, Қазақстанда обырдың қандай түрлері таралғаны туралы, өз денсаулығыңды сақтау және ең қымбат капитал – денсаулықты қорғау туралы айтылды. Семинар соңында студенттер қатерлі ауруға өз көзқарастарын суреттер арқылы білдірді. Студенттер саламатты өмір салтын қолдайды және барлық адамдарды осы мәселеге назар аударуға шақырады.