№68 мектеп-гимназияда 15,16,17 жастағы жасөспірімдер невропатолог, ЛОР, хирург, окулист, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер мамандардың профилакткиалық қарауынан өтті.
"Тексеру "өсу ауруының" алдын алуға бағытталған. Осы арқылы біз оқушылардың жалпы денсаулық жағдайын бағалап, қажет болған кезде қосымша тексерулер мен анализдер тағайындаймыз. Біз оқушылардың денсаулық жағдайына үнемі мониторинг жүргіземіз, оның ішінде саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде белсенді профилактикалық жұмыс жүргіземіз",-дейді мектеп дәрігері Д.Ш.Калиева.
"Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығының мамандары - гинеколог дәрігер А.Садвакасова, дерматолог дәрігер Г.Жумадилова, терапевт дәрігер Э.Аппарбекова, психолог А.Алимбаева скринингтік тексеру жүргізуге қатысады.
Скринингтік тексерумен барлығы 300 оқушы қамтылды.